«QitFest» халықаралық театр фестивалі
03.10.2025
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының төрінде ауқымды мәдени іс-шара, облыс үшін айтулы оқиға – «QitFest» халықаралық театр фестивалі өтуде. Фестиваль әртүрлі елдер мен аймақтардың театр ұжымдарын біріктірді, шығармашылық диалог, тәжірибе алмасу және театр өнерін насихаттау үшін жаңа бағыттар ашты.
Фестиваль аясында Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері іс-шараларға қатысып, қатысушылармен сұхбат жүргізді, актерлермен және режиссерлермен әңгімелесті, сондай-ақ шығармашылық үдерістермен және театр өмірінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысты. Мұндай бірлескен жұмыстар қазіргі кездегі театрлардың жұмысымен тереңірек танысуға ықпал етеді және мәдени байланыстар кеңістігін кеңейтеді.