«Ұрпақтар жадында сақталар соғыс»
01.10.2025
Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері үшін «Ұрпақтар жадында сақталар соғыс» көрмесіне шолу жасады.
Іс-шара жастарға өткеннің ерлікке толы кезеңіне сапар шегуге мүмкіндік берді. Балалар соғыс жылдарындағы оқиғаларға, сол бір ауыр кезеңдегі ел мен Қостанай облысының өміріне арналған кітаптармен, мерзімді басылымдармен және көркем әдебиет туындыларымен танысты.
Майдандағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанкешті еңбектері туралы әңгімелерге ерекше назар аударылды.