«Білгірлер»
26.09.2025
26 қыркүйекте Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде «Білгірлер» атты зияткерлік ойын өтті.
Қатысушыларға Қазақстан тарихы, ғылым, өнер, спорт, география және тағы басқа тақырыптар бойынша сұрақтар ұсынылды. Әр раунд тек терең білімді ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлау, талқылау және тез шешім қабылдау қабілеттерін қажет етті.
Достық бәсекелестік жағдайында қатысушылар білімдарлық пен тапқырлықты көрсетуге тырысты. Мұндай ойындарды өткізу ой-өрісті кеңейтуге, танымдық белсенділіктің дамуына ықпал етеді.
«Білгірлер» ойыны жарқын оқиғаға айналды және қатысушылар үшін қызықты әрі пайдалы зияткерлік іс-шара ретінде есте қалатын болды.
Ойынның жеңімпаздары Остроух Лидия, Зелевский Андрей және Курбанов Роман болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!