25 қыркүйекте Әмбебап оқу залы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жаратушы жүктеген міндет» атты сұхбат-әңгіме өткізді. Іс-шараның қонағы «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының Солтүстік дирекциясының Қостанай өндірістік базасының шебері Ақбидаев Айдар Қайратұлы болды.
Айдар Қайратұлы кездесуге келгендерге өзінің кәсіби жолы туралы айтып беріп, құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, кез келген істе кемелдікке ұмтылудың маңыздылығын атап өтті.
Ол өзін мысалға келтіре отырып барлық қатысушыларға өз ісіне шынайы берілгендік пен еңбекқорлықтың әрқашан жұрттың сыйлауы мен құрметіне алып келетінін көрсетті.
Жиналғандар қонақты өте жылы қарсы алды, әңгіме қызықты әрі мазмұнды болды. Мұндай кездесулерді өткізу жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға және еңбек адамдарына деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.