Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
18.09.2025
18 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушылары – ағылшын тілінің мұғалімдері үшін шолу экскурсиясын өткізді.
Оқытушылар кітапхананың тарихымен, оның құрылымымен және негізгі жұмыс бағыттарымен танысты. Экскурсия барысында қонақтар өнер туралы әдебиеттер бөлімінде, абонементтер бөлімінде, өлкетану әдебиеттері бөлімінде және сирек кітаптар мұражайында, әмбебап оқу залында, «Америка бұрышы» ақпараттық-ресурстық орталығында болды.
Кітапхана қызметкерлері әр бөлімнің жұмысы, кітапхана қорын пайдалану ережелері туралы айтып берді.
Кездесу соңында қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ