Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Еңбек пен құрмет мерекесі»
15.09.2025
Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстандағы Еңбек күніне орай «Еңбек пен құрмет мерекесі» атты көрме-ақпарат дайындады.
Бұл күн жұмысшы кәсіптері адамдарына қоғамның құрметпен қарауын арттыруға, еңбекті құрметтеу дәстүрлерін қалпына келтіруге және ерте жастан бастап еңбек құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Көрме жұмысшы мамандықтар адамдарына – өз еңбегімен елдің дамуына зор үлес қосып жүргендерге арналған.
Көрмеде өз еңбегімен елге танымал болған қазақстандықтар туралы басылымдар ұсынылған: «Казахстанцы - Герои труда», «Герои Казахстана», «Ер есімін еңбек шығарады», М. Мамажанов «Еңбек еттім ел үшін». Көрмені жұмысшы мамандықтарының мәнін ашатын кітаптар: К. Хакселл «Мен және менің тігін машинам», Ж. Жәнібеков «Электрмонтер», И. Журавлев «Каменщик», В. Овчиников «Газосварщик», И. Рахманов «Столяр-плотник», Д. Сарсенбаева «Токарное дело» толықтырады.
Ағымдағы жылдың 15 және 06 қазаны аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ