«Қалам мен қару ұстаған қайсар тұлға»
13.09.2025
13 қыркүйек күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «IQostanay» оқушылар сарайында жиналғандардың назарына журналист, ақын, Ұлы Отан соғысына қатысушы Қасымхан Алдабергеновтің 100 жасқа толуына орай «Қалам мен қару ұстаған қайсар тұлға» атты кітап көрмесін ұсынды.
Көрме өзін Отанына және туған өлкесіне қызмет етуге арнаған адамға деген терең құрмет пен ризашылықтың көрінісі болды. Көрмеде келесідей материалдар: газет және журнал басылымдары, кітаптар, фотосуреттер, замандастарының естеліктері ұсынылды. Көрме Қасымхан Алдабергеновтің өмірі мен қызметі, оның еңбек және шығармашылық жолы, сондай-ақ журналистика мен қоғамдық өмірдің дамуына қосқан үлесі туралы баяндайды.
Бұл мерейтойлық күн бүкіл өңір үшін маңызды оқиға болды. Қасымхан Алдабергеновтің есімі Қостанай облысының мақтанышына айналды.