«Отбасым – менің байлығым»
12.09.2025
12 қыркүйекте Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Отбасы күніне арналған «Отбасым – менің байлығым» атты кездесу өткізді. Іс-шара барлық қатысушыларға отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің маңыздылығын еске салды.
Ашық-жарқын әңгіме жағдайында іс-шараға қатысушылар «Мерейлі отбасы» жобасына қатысқан Омаровтар отбасының тарихымен танысты. Омаровтар өздерінің отбасылық тәжірибелерімен және дәстүрлерімен бөлісті. Студенттер үшін отбасының негіздері, мәдениеті мен дәстүрлері туралы ойландыратын сұрақтар мен шағын викторина дайындалды.
Омаровтар отбасының қатысуы кездесуге ерекше сенім мен шабыт берді.