Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сан қырлы қаламгердің әлемі»
10.09.2025
10 қыркүйекте Науырзым ауданында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Науырзым аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен белгілі ақын, драматург, аудармашы Маудан Абылай Фазылханұлымен «Сан қырлы қаламгердің әлемі» атты кездесу кеші өтті.
Кеш барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық ізденістері туралы кеңінен сөз болды. Ақын өзінің балалық шағы, алғашқы өлеңдері туралы айтып беріп, журналистика және драматургия саласындағы еңбектерімен бөлісті. «Сары дәптер» жыр жинағынан өлеңдер оқылып, жергілікті өнерпаздар әдеби-сазды композициялар ұсынды.
Кездесу оқырмандар тарапынан жылы қабылданып, шығармашылыққа, кітап оқуға қызығушылық танытқан жастар үшін ерекше әсер қалдырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ