«Қастерлі қаламгер»
08.09.2025
Абонементтер бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл толуын атап өту аясында оның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қастерлі қаламгер» атты тұлға көрмесі дайындалды. Асқар Тоқмағамбетов қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаған көрнекті және ерекше жазушылардың қатарына жатады. Оның шығармашылығы жанрларының жан-жақтылығымен және кеңдігімен ерекшеленеді.
Көрме келушілерді автордың көптеген шығармаларымен таныстырады: «„Дейді екендер“ дейді екен», «Екі томдық шығармалар», «Алтын жапырақтар. Таңдамалы» және т.б.
Көрмені жазушының шығармашылық өмірбаянымен таныстыратын басылымдар: М. Рәш «Бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы», А. Мекебаев «Шығармалары», Т. Әлімқұлов «Жемісті жолда», М. Рәш «Ұмытылмас ұшырасулар» толықтырады.
Ағымдағы жылдың 08 және 29 қыркүйегі аралығында жұмыс істейтін көрмеге келуге шақырамыз.