Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлттық сана мен мәдениеттің қалыптасуы: Абай, Ахмет, Міржақып»
05.09.2025
5 қыркүйекте «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «IQostanay» оқушылар сарайында өткен мерекелік іс-шара аясында «Ұлттық сана мен мәдениеттің қалыптасуы: Абай, Ахмет, Міржақып» тақырыбымен мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесі қазақ халқының маңдайына біткен біртуар перзенттері – кемеңгер ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына, ұлт азаттығы жолындағы күрескер, көрнекті публицист Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына және қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналды.
Көрме сөрелерінен зиялы тұлғалардың әдеби, ғылыми, ағартушылық еңбектері, өмір жолдарын бейнелейтін фотоматериалдар мен сирек басылымдар орын алды. Қойылған дүниелер көрерменге ұлт тарихының терең тамырын, рухани құндылықтардың мәңгілік мәнін сезіндіре түсті.
Іс-шараға қатысушылар көрме арқылы қазақ руханиятының алтын діңгектеріне айналған ардақты тұлғалардың өнегелі өмірімен және мәңгілік мұрасымен жақынырақ танысып, үлкен әсер алды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ