Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тіл – ұлтың жаны, халықтың үні»
02.09.2025
Қазақстан халқының тілдері күні аясында еліміздің бірегей мұрасын құрайтын тілдер мен мәдениеттердің алуан түрлілігін көрсететін «Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні» атты кітап көрмесі рәсімделді. Көрме Қазақстанда тұратын түрлі этностардың тілдерін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тереңірек түсінуге ықпал ететін кітаптар жинағы болып табылады.
Көрмеде оқырмандар келесідей басылымдармен таныса алады: «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңы, Қ. Құрманбайұлы «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі», Э. Сулейменов «Языки народов Казахстана. Социолингвистический справочник», О. Алтынбекова «Языковые процессы в Казахстане». Ұсынылған материалдар тілдің қоғам өміріндегі ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін түсінуге мүмкіндік береді.
Келушілердің назарына Қазақстанда тұратын халықтардың тілдерін үйренуге арналған анықтамалық және оқу әдебиеттері ұсынылады.
Ағымдағы жылдың 02 және 29 қыркүйегі аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ