28 тамызда Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Қостанай облыстық мүгедектерді оңалту орталығында «Ата Заңым – ардағым» атты іс-шара өткізді.
Кіріспе сөзінде жүргізуші бұл мерекенің маңыздылығы мен заңдылығына тоқталып, Конституцияныңелдің мемлекеттік және қоғамдық құрылымының негіздерін анықтайтын маңызды құжат екенін атап өтті.
Іс-шара аясында Қазақстан Конституциясыныңдаму тарихына тақырыптық шолу жүргізілді, сондай-ақ елдің бастызаңының қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсететін бейнероликтер көрсетілді.
Қазақстандағыежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі конституциялық құқықтың даму тарихын ашатын «Ата Заң – тәуелсіз ел тұғыры» атты кітап көрмесі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара шығармашылық нөмірлермен сүйемелденді: би студиясының қатысушылары көрермендерді өз өнерлерімен қуантса, А. Байтұрсынұлыатындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Сәния Жұматаева домбырамен Құрманғазының шығармасын орындады.