«Менің құқықтарым»
28.08.2025
28 тамызда кітапханада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Менің құқықтарым» атты ойын-сайыс түріндегі іс-шара өтті.
Ойын барысында оған қатысушылар – кітапхана оқырмандары, оның ішінде көру қабілеті бұзылған адамдар адам құқықтары, мүгедек азаматтардың құқықтары, Конституция және елдің негізгі заңдары саласындағы білімдерін көрсетті.
Сайыс тек білім сынағы ғана емес, сонымен қатар пікірлестердің жылы кездесуі болды. Барлық қатысушыларға алғыс сөздер айтылды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.