Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жазғы оқылым»
11.08.2025
Құрметті оқырмандар! Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімі екі жарым ай бойы қала қонақтары мен тұрғындарын жыл сайынғы «Жазғы оқылым» акциясымен қуантты.
Қалалық орталық саябақта күн сайын бөлім қорындағы ең қызықты басылымдар, сондай-ақ жаңа баспасөз ұсынылды. Біздің қызметкерлер Өлкетану әдебиеттері бөлімі жұмысының ерекшелігі туралы айтып қана қоймай, кітапханаға жазылу мәселелері бойынша кеңес берді, алдағы іс-шаралар туралы хабардар етті, жалпы кітап оқу мен кітапты кеңінен насихаттады.
15 тамызда «Жазғы оқылым» акциясының аяқталатынына қарамастан, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сіздерді қызықты кітаптармен, жаңа әдебиеттермен және кітап оқуға қажетті жайлы атмосферамен қуантуды жалғастыратын болады. Жылдың қай мезгілі екеніне қарамастан, қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы бізден сүйікті авторларын таба алады, пайдалы білім алып, танымдық іс-шараларға қатыса алады.
Келіңіздер, жылдың әр мезгілі жаңа оқиғалар мен жарқын әсерлерге толы болсын!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ