Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Абай аманаты» атты ойтолғау алаңы
11.08.2025
10 тамыз күні «Жастар сарайында» Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы білім беру және мәдениет мекемелерінің қатысуымен қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композиторы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай аманаты» атты ойтолғау алаңын өткізді. Іс-шара І. Омаров атындағы Костанай облыстық қазақ драма театрының актерлері қойған «Абай» спектаклімен ашылды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов, Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әлия Алатайқызы Аманжолова, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің өкілі Эльмира Кенжеғалиқызы Наурызбаева сөз сөйледі. Өз сөздерінде қонақтар Абайдың ұлт руханиятындағы айрықша орнын, оның мол мұрасының маңызын және жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ ақынның еңбексүйгіштікке, білімге ұмтылу мен рухани жетілуге шақыратын идеяларының бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағаны айтылды. Бағдарламаның музыкалық бөлігін Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы әртістерінің ұлы ақынның халық сүйіп тыңдайтын әндерін орындауы әрлендірді. Бұл күні Абайдың поэзиясы мен әндері, оның өсиетке толы дана сөздері жаңа қырынан жаңғырып, тыңдармандар жүрегінен орын алды. Ұлы ойшылдың шығармалары ғасырлар бойы мәнін жоймай, ұрпақ жадында мәңгі сақталары анық.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ