Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қызықты ғылымдар әлеміне апарар кітаптар»
05.08.2025
Әмбебап оқу залы жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында қала және облыс педагогтарын «Қызықты ғылымдар әлеміне апарар кітаптар» атты педагогикалық әдебиеттің тақырыптық көрмесімен танысуға шақырады.
Көрмеде білім берудің өзекті мәселелері бойынша кітаптар мен әдістемелік құралдар, еліміздің үздік педагогтарының озық тәжірибесін, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін көрсететін мерзімді басылымдардан алынған материалдар ұсынылған. Бұл көрме педагогтардың өз білімдері мен дағдыларын байытуы, білім беру саласындағы жаңа үрдістермен танысуы үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.
Көрмеде инклюзивті білім беруге, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолдануға арналған материалдарға ерекше назар аударылды. Сіздер бұл жерде сәтті жобалармен және тәжірибелермен таныса аласыздар және оларды педагогикалық тәжірибелерңізге бейімдей аласыздар.
Педагогикалық шеберлікке, білім берудегі инновацияларға және кәсіби дамуға қызығушылық танытқандардың барлығын көрмені көруге шақырамыз.
Көрме үш ай бойы жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ