Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қасым Мәуленов дәріс оқыды
25.07.2025
25 шілде күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында заң ғылымдарының докторы, ғалым Қасым Мауленов екі бірдей дәріс оқыды.
Бірінші, «Их оружие, пулемёт и слово: о поэтах, фронтовиках, писателях, учёных» деген тақырыпта. Мұнда қару мен қаламды қатар ұстаған майдангер ақын-жазушылар мен ғалымдар Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, С. Мәуленов, С. Нұрмағамбетов, С. Зимановтар туралы сөз болды.
Екінші дәріс – автордың әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР-інің Халық жазушысы, көрнекті ақын және прозашы, жерлесіміз Сырбай Мәуленовтың шығармашылығына арналды. Оның шығармалары өзектілігін жоғалтпай, жас ұрпақ үшін адами-рухани бағдар әрі көркем сөздің жоғары үлгісі болып қала бермек.
Осындай форматтағы кездесу тұңғыш рет өтіп отыр. Жиналғандар қазақтың көрнекті жазушылары мен ғалымдарының өмірі мен шығармашылығымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ