«Жазғы оқу залы»
24.07.2025
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жазғы оқу» әлеуметтік-мәдени акциясын жалғастырады. Қала тұрғындары мен оқырмандарын орталық мәдениет және демалыс саябағындағы жазғы кітап оқу алаңына шақырады.
Жазғы оқу залы – бұл уақытты пайдалы өткізуге, саябақтың жайлы әрі қолайлы атмосферасында кітап оқудан ләззат алуға, сонымен қатар жаңа қызықты кітаптармен және мерзімді басылымдармен танысуға тамаша мүмкіндік.