Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Домбыра – асыл мұра»
04.07.2025
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде қазақ мәдениетінің маңызды символдарының бірі – домбыра музыкалық аспабына арналған «Домбыра – асыл мұра» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде домбыраға байланысты бай мәдени мұраны ашатын әртүрлі басылымдар: «Домбыра — қазақтың жаны», «Қазақ күй өнері», «Домбыра үйрену мектебі», «Күй керуені», «Домбыраның құрылымы мен тарихы», «Домбыра: история и современность», «Кюй – душа казахского народа», «Учебник игры на домбре для начинающих», «Домбра: самоучитель для детей» және тағы басқалар бар. Көрме домбыраның қазақ болмысының ажырамас бөлігі ретіндегі маңыздылығын атап өтуге, музыкалық өнерге деген қызығушылықты оятуға және дәстүрлі музыканы үйренуге және орындауға шабыттандыруға арналған.
Келіңіздер және қазақ музыка мәдениеті әлемімен таныс болыңыздар.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ