«Гендерлік теңдік: әділдікке жеткізер жолдар»
01.07.2025
1 шілдеден бастап Абонементтер бөлімінде «Гендерлік теңдік: әділдікке жеткізер жолдар» атты көрме-талқылау дайындалды.
Көрмеде гендерлік теңдік үшін күрестің түрлі аспектілерін ашатын: феминистік қозғалыс тарихы мен адам құқықтары бастамаларынан бастап әлеуметтану, психология және құқық саласындағы заманауи зерттеулерге дейінгі басылымдар жинақталған. Көрмеде келесідей материалдар қойылған: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қ. Қайранбаев «Ар мен заң», С. Қорабай «Қазақ тарихындағы әйелдер», М. Маск «Женщина, у которой есть план». Ғылымға, саясатқа, өнерге және қоғамдық өмірге үлес қосқан көрнекті әйелдердің тағдыры туралы баяндайтын шығармалар: С. Әбдікәрімов «Әмина Өмірзақова», Б. Жандарбеков «Томирис», В. Вульф «Божественные женщины» ерекше орын алады.
Ағымдағы жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.