«Үйлесімділік және қауіпсіздік: балаларға арналған әлем»
01.07.2025
Абонементтер бөлімінде балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу мақсатында «Үйлесімділік және қауіпсіздік: балаларға арналған әлем» атты көрме-ескерту рәсімделді. Көрме баланың құқықтарын қорғау мәселесіне назар аударуға және оның дамуы үшін қауіпсіз орта құруға бағытталған.
Көрмеде балалар еңбегін пайдалану және кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы мәселелеріне арналған әдістемелік материалдар мен нормативтік құқықтық әдебиеттер: «Правовой статус несовершеннолетних», «Права ребенка», «Конвенция о правах ребенка», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заң, Б. Жетписбаев «Ювенальное право» ұсынылған. Көрмені балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудың әртүрлі нысандарын, олардың себептері мен салдарын, сондай-ақ мұны болдырмау және зардап шеккендерге көмектесу жолдарын қарастыратын педагогтар мен психологтардың басылымдары толықтырады. Балалық шақтың маңызды әлеуметтік және моральдық аспектілері, баланың құқықтары мен ішкі әлемін қорғау кейіпкерлер мен сюжеттер арқылы ашылатын көркем шығармаларға ерекше назар аударылады.
Жыл соңына дейін жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.