Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сыйға тартылған кітаптар
01.07.2025
Ұлттық кітап күнін атап өткен «Атамұра» корпорациясы жылдың үздік баспасы ретінде танылды. Бұл оқиға көп жылдық жемісті жұмыстың жарқын дәлелі болды.
Ұлттық кітап күніне орайластырылған іс-шаралар аясында «Атамұра» қайырымдылық жасау бойынша бастама көтеріп, ел кітапханаларына 1000 жаңа басылым сыйлады. Бұл кітапхана қорларын қолдауға және оқырмандардың сапалы әдебиетке қол жеткізуіне бағытталған ізгі ниет болды.
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК «Атамұра» корпорациясы мен оның президенті Р. А. Құл-Мұхаммедке жомарт сыйы – құнды 50 кітабы үшін ризашылығын білдіреді. Бұл түрлі жастағы және қызығушылығы әр алуан оқырмандардың ой-өрісінің кеңеюіне және рухани бай тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін нағыз сыйлық болы.
«Атамұра» корпорациясы мен оның ұжымына одан әрі шығармашылық табыс, өркендеу және кітап пен мәдениетке бағытталған игі істе жаңа жетістіктер тілейміз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ