Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры»
01.07.2025
Әмбебап оқу залы барлық тілек білдірушілерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» атты тақырыптық кітап көрмесін тамашалауға шақырады.
Көрме оқырмандарды қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен конституциялық құқықтың дамуының маңызды кезеңдерімен таныстырады. Көрмеде тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы материалдар, құқықтық реформалар бойынша анықтамалықтар мен ғылыми басылымдар, конституциялық заңдар, ел Конституциясының құқықтық негіздері мен эволюциясын зерттейтін отандық ғалымдардың еңбектері ұсынылған. Құқықтық мемлекет қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі де, қазақстандық жолдың ерекшеліктері де қарастырылатын Сұлтан Сартаев пен Ләззат Назарқұлованың «Становление Конституции Республики Казахстан» кітабы ерекше назар аударуға тұрарлық.
Кітап көрмесі ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ