Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлттың үні – домбыра»
01.07.2025
Ұлттық домбыра күніне орай Абонементтер бөлімінде «Ұлттың үні – домбыра» атты әдеби-ақпараттық экспозиция дайындалды.
Көрмеде ұсынылған басылымдар оқырманға домбыраның сиқырлы әлемін ашады. Кез келген адам аспаптың қандай түрлері бар екенін және олардың қандай айырмашылықтары бар екенін біле алады. Көрмені домбыра жасаудың кезеңдері мен технологиясы, оны безендіру жолы туралы түсінікті түрде айтып беретін, сондай-ақ осы аспапты жасаудың танымал шеберлері туралы мәліметтер келтірілген әдебиеттер: «Домбыра – душа казахского народа», «Қазақтың күй өнері», «Дала сазы», «Күй: история, традиции, мастера» толықтырады.
Экспозиция домбыраның бай тарихы мен халық өміріндегі маңызын, оның әдебиетте, музыкада және өнерде қалай көрініс тапқанын ашады. Барлық ниет білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ