«Экскурсия»
26.06.2025
26 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қостанай қаласының № 14 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы өтті.
Оқушылар кітапхананың тарихымен, оның құрылымымен және негізгі қызмет бағыттарымен танысты. Экскурсия барысында балалар әмбебап оқу залына, абонементтер бөліміне, өлкетану әдебиеттері бөліміне, өнер туралы әдебиеттер бөліміне және басқа бөлімдерге барды. Кітапхана қызметкерлері әр бөлімнің жұмысы, кітапхана қорын пайдалану ережелері туралы айтып берді.
Танымдылығы мол болған экскурсия оқушылар арасында жарқын әсер қалдырды және олар кітапханаға тағы келуге ниет білдірді.