«ПРОчтение»: Васильев Г. «Сары-Арка»
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері пайдаланушыларды Қазақстан әдебиетімен таныстыруды жалғастыра отырып Геннадий Васильевтің «Сары-Арка» романы бойынша бейнеролик дайындады.
Шығарма Қазақстанға, оның шексіз даласына, ерекше мәдениеті мен халқына арналған. Романның басты кейіпкері – қазақ халқының ұлы перзенті Құрманғазы Сағырбаев. Оның өмірі, шығармашылық және қоғамдық еңбегі елдің мәдениетінде, өнерінде және тарихында терең із қалдырды.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=SakWs3pPlL4