«Ұрпақтар жадында сақталар соғыс»
11.06.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ диаспораларының өкілдері үшін «Ұрпақтар жадында сақталар соғыс» көрмесіне шолу жасалды. Шолу барысында кітапхана қызметкерлері қазақ және орыс тілдерінде соғыс тақырыбындағы үздік шығармалар, сирек басылымдар, мерзімді баспасөз және соғыс жайында жазылған көркем әдебиеттер туралы толық ақпарат берді.
Мұндай кітаптарды оқу ұлы Отан соғысының оқиғаларын тереңірек түсінуге, сол кездегі Жеңістің құнын бағамдауға, сондай-ақ аса ауыр соғыс кезеңіндегі өлкеміздің батырларының үлесін бағалауға көмектеседі.