Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстандағы Әкелер күнін атап өту қарсаңында «Жігіттер оқитын шығармалар» атты әдебиеттің ұсынымдық тізімін дайындады.
Әдебиеттер тізіміне нағыз батыл жігіттер жайында, жігіттерге тән кәсіптер мен отбасылық құндылықтар туралы әңгімелейтін деректі және көркем шығармалар енген. Басылымдар ойы терең туындыларды бағалайтын және тұлға ретінде өсуге ұмтылатындардың барлығы үшін қызықты болады.