Экскурсия
05.06.2025
5 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына келген Қостанай қаласы білім бөлімінің «№5 А мектеп-гимназиясы» КММ 3-ші сынып оқушылары үшін шолу экскурсиясы өткізілді.
Экскурсия аясында оқушылар әмбебап оқу залының қорымен, сондай-ақ «Америка бұрышы» ақпараттық-ресурстық орталығының ресурстық мүмкіндіктерімен танысты. Сирек кітаптар мұражайының экспонаттар жинағы туралы ақпарат үлкен қызығушылық тудырды.
Балалар ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету және өлкетану әдебиеттері бөлімдерінің жұмысы туралы біліп, білім көкжиектерін кеңейтті. Оқушылар көркем әдебиеттерді қызығушылықпен тамашалаған абонементтер бөлімі ерекше әсер қалдырды. Балалар өнер бөлімінде ұсынылған экспонаттар мен картиналардан үлкен эстетикалық ләззат алды.
Экскурсия соңында оқушылар мен мұғалімдер кітапхана қызметкерлеріне жылы қабылдаулары және қызықты өткізген уақыттары үшін алғыстарын білдірді.
#Қазақстанбалалары