«Ұлы халықтың ұлы Абайы»
05.06.2025
4 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай ОФ өкілдері қатысты. Кітапхана қызметкері көрмеге қойылған шығармалардың, оның ішінде Абай поэзиясының үздік туындыларының, сондай-ақ оның әйгілі «Қара сөздері» философиялық шығармасының маңыздылығы туралы айтып берді. Бұл шығармалар ақын ойының тереңдігін көрсетеді, оның өмірлік көзқарасын, тілін, қазақ халқының мінезі мен рухын ашады.
Іс-шара қонақтары Абай мұрасының өзектілігіне және қай уақытта да құндылығын жоғалтпайтынына көз жеткізді. Оның өлмес ойлары өмірдің мәні, адамның өзін тануы және жетілуге ұмтылуы, сондай-ақ рухани даму туралы ойлануға итермелейді.