Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мир наших увлечений»
05.06.2025
5 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханасының бірінші қабатының фойесінде «Балалардың әдемі әлемі» көрмесінің ашылуы өтті. «Мольберт» студиясының суретшілері өз жұмыстарын көрермен назарына ұсынды.
Жас суретшілердің суреттері қостанайлықтарды түрлі көрмелерде – сурет галереясында, тарихи-өлкетану мұражайында, «Март» СОО алаңында қуантып үлгерді. Кейбір қатысушылар үшін бұл көрме бірінші және жұрт назарына ұсынылған толғанысқа толы алғашқы туындысы болды.
Іс-шара қонақтары акрилмен және майлы бояумен салынған түрлі түсті және ерекше жұмыстарды тамашалауға мүмкіндік алды. Көрмедегі әр жұмысты жас суретшінің ішкі әлемінің көрінісі деуге болады.
Жас вокалистер Николь Искандерова мен Асанәлі Рахметов кездесуді әсем әуенмен безендірді.
#Қазақстанбалалары

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ