Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
04.06.2025
4 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына № 5 орта мектептің екінші сынып оқушылары келді.
Кездесу кітапханашының құттықтау сөзімен басталып, ол кітапхана ісінің міндеті мен тарихы туралы айтып берді.
Оқушылар үшін кітапхананың негізгі залдары бойынша экскурсия өткізілді, онда оларға оқу құралдарын, ғылыми әдебиеттерді, көркем әдебиеттерді және сирек басылымдарды қамтитын негізгі қормен танысуға мүмкіндік берілді. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға оқу залының, абонементтер, өлкетану әдебиеттері және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімдерінің қалай ұйымдастырылғанын айтып берді.
Экскурсияға қатысушылар абонементтер бөліміндегі балалар әдебиеттеріне ерекше қызығушылық танытты. Балалар кітап пен сөзге байланысты өз бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісті, оқу техникасы бойынша мектептегі жетістіктері туралы айтып берді.
Экскурсия оқушыларға жағымды әсер қалдырды. Кітапханашылар жақын арада балалар кітапхананың тұрақты оқырманы болатынына сенім білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ