«Балаларды қорғау күні»
02.06.2025
2 маусымда Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Балаларды қорғау күніне орай «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ-де көшпелі іс-шара өткізді. Кездесу аясында интернат тәрбиеленушілері үшін тифлотүсініктемесі бар «Холодное сердце» атты мультфильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Көруді бастамас бұрын балаларды қарсы алып, фильмнің сюжетін қысқаша таныстырып өтті және басты кейіпкерлермен таныстырды.
Фильмді қарау кезінде залда тыныштық орнады – балалар экрандағы оқиғалардың дамуын қызығушылықпен бақылап, көңілді сәттерде күлкіге қарық болды, кейіпкерлер үшін алаңдап отырды және жанашырлық танытты. Фильм көрушілердің көңілінен шықты: балалар эмоцияларын жасырмады, әсерлерімен бөлісті.
Кітапханашылар педагогтар мен тәрбиеленушілерге жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.
#Қазақстанбалалары