«Слабое звено»
29.05.2025
29 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Слабое звено» жобасының екінші ойынын өткізді.
Викторина Қазақстанға арналған түрлі тақырыптардағы: тарих, мәдениет, география және т. б. сұрақтардан тұрды. Іс-шараның мақсаты қатысушылардың ой-өрісін кеңейту және қарым-қатынас пен білім алмасу үшін жайлы, достық орта құру болды.
Іс-шара қызу қолдауға ие болды. Ойыншылар талқылауға белсенді қатысты. Қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жағымды эмоциялар беріп қана қоймай, өздерін мәдени өмірге араласып жүрген адамдардай сезінуге көмектеседі. Маусымның екінші ойынының жеңімпазы А.Зелевский болды.
Жеңімпазды құттықтаймыз!