«В ритме танца»
28.05.2025
28 мамырда кітапхананың жиналыс залында «Встреча друзей» музыкалық клубының «В ритме танца» атты концерті өтті.
Бағдарламада оралдық композитор Геннадий Шориковтың әндері, соның ішінде әншілер Людмила Лукьянова мен Татьяна Жарконың орындауында «Ветер, ветерок» әні шырқалды. Концертті финдік әуендер, шансон элементтері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қуана билеген вальс пен танго толықтырды.
Көрермендер вокалдық топқа қуанышқа толы жылы да жарқын кеш сыйлағандары үшін шын жүректен алғыс айтты. Көбісі көңілдерінің сергіп қалғанын және эстетикалық ләззат алғанын атап өтті.
Клуб жетекшісі Лариса Сергазина іс-шараны дайындауға қатысқандардың барлығына, сондай-ақ көрермендерге шынайы қызығушылықтары мен қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.