Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«За нами Москва»
26.05.2025
23 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№76 мекемесі» РММ қабырғасында мәдени-ағартушылық іс-шара – бір кітап сағатын өткізді. Кездесу белгілі қазақстандық жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «За нами Москва» шығармасына арналды.
Іс-шара барысында сотталғандар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы автордың өмірбаянымен, оның ерлікке толы жауынгерлік жолымен танысты, сондай-ақ Мәскеуді қорғау кезіндегі кеңес сарбаздарының батылдығын, отаншылдығын және табандылығын бейнелейтін кітаптың негізгі эпизодтарын талқылады.
Мұндай кездесулер өткенді қадірлеп, тарихты құрметтеуге, сотталғандардың отаншылдық сезімдері мен адамгершілік бағдарларын қалыптастыруға ықпал етеді. Қатысушылар кітапқа шынайы қызығушылық танытып, кітаптың мазмұны мен оның құндылығын талқылады, сондай-ақ ерлікке толы тарихымызды еске түсіріп, батыр бабаларымыз туралы көбірек білуге мүмкіндік бергендері үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ