Соковты еске алу
26.05.2025
25 мамырда кітапханада қостанайлық суретші Георгий Михайлович Соковты еске алуға арналған кездесу өтті. Оған «Эхо его голоса. Начало» атты суретшінің жеке көрмесі каталогының шығуы себеп болды. Георгий Михайловичтің жесірі осы бір тамаша басылымды тапсыру үшін күйеуінің көптеген әріптестерін шақырды.
Кездесуге келген суретшілер өздерінің естеліктерімен бөлісіп қана қоймай, Георгий Михайловичтің жұмыстары өздеріне шабыт берген, жалпы Қостанай бейнелеу өнерінің дамуына әсер еткен ұстаз болғанын атап өтті.
Қостанай облысы суретшілер одағының төрағасы Вадим Быков пен облыстық сурет галереясының меңгерушісі Калинова Сая Нұрлыбайқызы мұндай кездесулер суретші мен оның шығармашылығын есте сақтаудың маңызды тәсілі болуы мүмкін екенін айтты.