Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жастар. Болашаққа көзқарас»
22.05.2025
22 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Халықаралық жастар күніне арналған сұхбат алаңы өтті.
Іс-шараға жастар қоғамдастығының белсенді өкілдері: Қостанай облысындағы Qostanai Hub-тың өңірлік менеджері Д. Мінайдаров, «Команда волонтеров Энканто» еріктілер ұйымының басшысы Г. Футман, «Жастар Рухы» ЖҚ Қостанай қалалық ұяшығының төрағасы Р. Қарпықова, «JASTAR MED» жастар денсаулық орталығының жетекшісі А. Садвакасова қатысты.
Сұхбат жүзбе-жүз әңгіме түрінде өтті. Спикерлер еліміздің қоғамдық үдерістеріне барлық уақытта әсер етіп отыратын жас ұрпақтың көзқарастарының, құндылықтары мен бастамаларының маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар әңгімеге белсенді қатысып, шақырылған қонақтарға сұрақтар қойып отырды, болашақ туралы өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.
Кездесу аясында жастардың белсенді ұстанымын, олардың бастамалары мен түрлі салалардағы жетістіктерін көрсететін бейнероликтер ұсынылды. Адамның өзін-өзі дамытуына, көшбасшылық және жастар жобаларына арналған тақырыптық кітап көрмесі іс-шараның салмағын арттыра түсті. Мұның бәрі ашық сұхбат пен шығармашылыққа шабыт берер тәжірибе алмасу үшін кеңістік құруға ықпал етті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ