Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бірлік пен бейбітшілік нышандары»
21.05.2025
Әмбебап оқу залында 1992 жылғы 4 маусымда бекітілген ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған «Бірлік пен бейбітшілік нышандары» атты көрме-дерекнама дайындалды. Мемлекеттік рәміздер Қазақстанның бірегейлігі мен ұлттық бірлігін қалыптастыруға негіз болды.
Көрмеде еліміздің тәуелсіздікке жету жолында жүріп өткен жолы, сондай-ақ осы рәміздердің мемлекеттің қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріндегі рөлі туралы баяндайтын тарихи құжаттар, фотосуреттер мен кітаптар ұсынылған. Көрмедегі кітаптардың ішінде «История формирования государственных символов Республики Казахстан», «Основы государства и права современного Казахстана», «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» басылымдары және т.б. бар.
Сіздерді тарихқа сапар шегуге және Отанымыздың бірлігі мен бейбітшілігін бейнелейтін рәміздердің маңыздылығын бағалауға шақырамыз. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ