Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
16.05.2025
16 мамыр күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушылары үшін шолу экскурсиясы өтті.
Іс-шараға қатысушылар кітапхананың өңірдің маңызды мәдени, білім беру және демалыс орталығы екендігі жайында білді. Оларға түрлі бөлімдердің жұмыстары көрсетілді, олардың функциялары мен жұмыс ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Қонақтардың назарын негізгі қорды сақтау бөлімі аударды, онда олар кеңес дәуірінің басылымдарына белсенді қызығушылық танытып, жұмыстың ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ экскурсияға қатысушылар «Америка бұрышы» ақпараттық-ресурстық орталығына барып, сирек кітаптар мұражайының экспозициясымен танысты, Брайль қарпімен басылған басылымдарды көрді.
Кездесу соңында тыңдаушылар кітапхана қызметкерлеріне қызықты әрі мазмұнды экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ