Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітапхана болашағы: цифрлық трансформация және жаңа технологиялар»
16.05.2025
2025 жылғы 16 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өңір кітапханаларының қызметкерлері үшін «Кітапхана болашағы: цифрлық трансформация және жаңа технологиялар» атты шеберхана өтті.
Іс-шарада кітапхана ісінде заманауи технологияларды: жасанды интеллектті, мобилографияны қолданудың, ЖИ-пен жұмыс істеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Шақырылған сарапшылар ретінде техника ғылымдарының магистрі, ЖИ зерттеушісі Преображенский Олег Олегович және мобилограф, SMM-маман Мінайдаров Даниял Дулатұлы баяндама жасады. Спикерлердің екеуі де Kostanai.hub мүшесі болып табылады. Олардың қатысуы шеберхананың ақпараттылығын арттыра түсті және практикалық жағына да көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Қатысушылар практикалық кеңестер алды, тәжірибе алмасты және цифрлық дәуірде кітапханаларды дамытуға бағытталған жаңа шешімдер туралы білді.
Соңғы бөлімде кітапханалардың күнделікті тәжірибесіне технологияларды енгізудің болашағы мен тың идеялар талқыланды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ