«Компьютер әліппесі»
13.05.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында компьютерде жұмыс істеуді енді үйреніп жүргендерге арналған компьютерлік сауаттылықты оқытуға бағытталған «Компьютер әліппесі» жобасы өз жұмысын жалғастыруда.
Жоба барлық жастағы азаматтарға компьютерлік сауаттылықтың негіздерін үйретуге бағытталған. Курс аясында қатысушылар компьютерде жұмыс істеудің негізгі дағдыларымен танысады, Microsoft Word, PowerPoint және Excel бағдарламаларын үйренеді, WhatsApp қосымшасын пайдалануды меңгереді, YouTube бейнехостингінен материалдарды жүктеуді үйренеді, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілерді сенімді пайдаланатын болады.
Сабақтың міндетті бөлігі өткен материалды қайталау және бекіту болып табылады. Негізгі назар практикалық бөлікке аударылады.