Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Денсаулық – табыс кепілі»
12.05.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Денсаулық – табыс кепілі» атты кітап көрмесіне шолу дайындады.
Көрмеде ұсынылған материалдар жеке гигиена мен дұрыс тамақтану негіздерінен бастап жыныстық тәрбие мәселелеріне, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға және отбасын жоспарлауға дейінгі көптеген тақырыптарды қамтиды. Көрмеде репродуктивті денсаулық мәселелеріндегі ең осал буын – жасөспірімдер мен жастарға бағытталған әдебиеттер ерекше орын алады.
Жастардың хабардарлық деңгейін арттыру олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және болашақта саналы шешімдер қабылдауға ықпал етеді.
Кітап көрмесіне шолу денсаулық сақтау және білім беру мамандары үшін де, репродуктивті денсаулыққа қызығушылық танытатын көпшілік аудитория үшін де пайдалы болады.
https://youtu.be/h_OuBXDGP4E

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ