«Жадымызда жүрер жорық жолы»
06.05.2025
06 мамыр күні Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жадымызда жүрер жорық жолы» атты жорық жырларын дауыстап оқу сағаты өтті.
Жеңіс күні – ерліктің, бірліктің және жеңіске зор үлес қосқан қазақстандықтардың қаһармандығын еске алудың символы. Іс-шарада соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылып, осы кездің әндері шырқалды, мұрағаттық кадрлар көрсетілді.
Көрермендер өздерінің эмоцияларын жасырмады: сахнаға шыққандарға зор қошемет көрсетілді, көпшілігі көздеріне жас алды. Бұл ата-бабаларымызды еске түсірудің, олардың ұлы ерлігі үшін ризашылық пен мақтаныштың көз жасы болды. Біз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерен ерлігін құрметтейміз, өткенді есте сақтаймыз және оны болашақ ұрпаққа жеткіземіз.