Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тарихыңды есте сақта, мақтан тұт!»
06.05.2025
6 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері студенттерге Жеңіс күніне арналған «Тарихыңды есте сақта, мақтан тұт!» атты тақырыптық квест өткізді. Оның басты мақсаты студенттерді белсенді зияткерлік демалысқа тарту, олардың азаматтық сезімін, туған жерге деген деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және отаншылдыққа тәрбиелеу болды.
Квест барысында олар ойын арқылы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қостанайлықтар туралы, Қостанайда құрылған, Берлинге Жеңіс туын тіккен 151 дивизия туралы, соғыс жылдары Қостанайға эвакуацияланған кәсіпорындар, оқу орындары мен мәдени мекемелер туралы білді, жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысына арналған әдеби шығармаларымен танысты, тіпті «майданға сәлемдеме» жинады.
Бұл іс-шара қатысушылардың есінде ұзақ сақталатын және патриотизмге тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтау ісіне қызмет ететін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ