«Снайперы»
05.05.2025
5 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жастарға отаншылдық тәрбие беру және тарихи жадыны сақтау мақсатында «Снайперы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.
Фильм Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға – есімі Ұлы Отан соғысы тарихына мәңгіге жазылған, аты аңызға айналған мерген қызға арналған. Картина жастығына қарамастан, шайқас алаңдарында нағыз қаһармандық және ерлік танытқан Әлияның батылдығын, жанқиярлығы мен рухының күшін жан-жақты ашады. Ерліктің қанша уақыт өтсе де өшпейтінін және оның шекарасы болмайтынын еске салып тұратын оның бейнесі бүгінгі күнге дейін жас ұрпаққа шабыт беріп келеді.
Фильмді қарауға Қостанай қаласының № 11 жалпы білім беретін мектебінің, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары шақырылды. Фильмді қызығушылықпен және зейінмен қабылдаған балалар көрсетілімнен кейін өз әсерлерімен бөлісіп, өз ойлары мен эмоцияларын ортаға салды.
Бұл іс-шара қатысушылардың жүрегіне батыр жерлесіміз туралы ой салып, Жеңістің қандай қиындықпен келгені туралы ойлануға мәжбүр етті.