Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Әуенді тап»
02.05.2025
02 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Отан қорғаушы күніне арналған «Әуенді тап» музыкалық ойынын өткізді.
Байқауға қатысушыларға ойынның шарты түсіндірілді, содан кейін батылдық танытқан үш ойыншы анықталды. Алғашқы аккордтардан бастап эмоцияға шек болмады – қатысушылар әуенді ерекше зейінмен тыңдады, таныс әуенді мүмкіндігінше тез еске түсіруге тырысты. Олар әуендерді табуға бар күштерін салды, тапқан әндерін қосылып айтты, таба алмаса өкініш білдіріп, дәл тапса шексіз қуанышқа кенелді.
Бұл жүрекке қуаныш сыйлаған көңілді және шынайы музыкалық кеш болды. Көрермендер барлық ойыншыға қошемет көрсетіп, кеңес беріп жатты. Кімнің озатыны соңғы раундқа дейін белгісіз болды. Ойын қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаз анықталды. Іс-шарадан кейін барлық көрермендер, сондай-ақ ойынға қатысушылар өз әсерлерімен және жағымды эмоцияларымен бөлісті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ