Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
02.05.2025
2 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының тыңдаушылары үшін таныстыру экскурсиясын өткізді. Тыңдаушылар кітапхананың барлық бөлімдерінде болып, оның құрылымымен, қорды пайдалану ережелерімен және түрлі бөлімнің мүмкіндіктерімен танысты.
Көп салалы кітап қоры, тақырыптық көрмелер, сирек кітаптар мұражайының коллекциялары, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі, «Америка бұрышы» ақпараттық-ресурстық орталығы, сондай-ақ негізгі кітап сақтау бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Келушілерге қордың ұйымдастырылуы, сақтау шарттары мен сақталуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.
Қонақтар білімнің түрлі бағыттары бойынша жинақталған кітаптарға қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойды, кітапхананың жайлы жағдайын атап өтті және қызметкерлерге мазмұнды экскурсия үшін алғыс білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ