Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сәбит Мұқанов – өз дәуірінің айнасы»
23.04.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күнін атап өту шеңберінде Қазақстанның халық жазушысы, академик, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Сәбит Мұқанов – өз дәуірінің айнасы» әдеби ракурсы өтті. Іс-шарада қызметкерлер өмірбаяны туралы айтып беріп, аудиторияны оның әдеби қызметінің негізгі кезеңдерімен, сондай-ақ қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесімен таныстырды.
Іс-шара жазушы туралы бейнеролик көрсетумен және автордың еңбектері, оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер қойылған тақырыптық кітап көрмесімен сүйемелденді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ